Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Балалар суреттеріндегі ғарыш
04-01-2023 10:42
Балалар суреттеріндегі ғарыш

         2022 жылдың тамыз айында Беларусь Республикасының Минск қаласында өткен «Планетадағы балалар достастығы» атты балалар шығармашылығының 8-ші халықаралық ашық байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі – ЮНЕСКО клубының 20-дан астам балалары қатысты.Биыл әлемнің 26 елінен келген қатысушылар саны 10000-нан асты.«Кескіндеме», «Графика», «Аралас техника», «Коллаж» номинациялары бойынша салынған суреттердің тақырыбы «Ғарыш» болды.                       

              Мектептің 3 оқушысы байқаудың дипломанты атанды: Карина Тулегенова, 15 жаста, аралас техникада орындаған «Ғалам мұхиты» жұмысы үшін, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк, Аружан Хаджимуратова, 7 жаста, гуашь техникасында салған «Біз Галактика балаларымыз» жұмысымен, жетекшісі Раиса Петровна Степанко, Альбина Павленко, 10 жаста, гуашь техникасы бойынша орындаған «Ғарышқа саяхат» жұмысы үшін, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова.