Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Туған Ертіс» қалалық балалар суреттері байқауының марапаттау рәсімі
06-02-2023 11:35
«Туған Ертіс» қалалық балалар суреттері байқауының марапаттау рәсімі

2023 жылғы 3 ақпанда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде Павлодар облысының 85 жылдығына арналған «Туған Ертіс» қалалық балалар суреттері байқауының нәтижелері бойынша марапаттау рәсімі өтті. Байқау «Туған Ертіс» мектеп жобасының 2 кезеңі ретінде өткізілді. Байқаудың мақсаты-кіші отанға деген қызығушылық пен сүйіспеншілікке тәрбиелеу.Оған қаланың 27 жалпы орта білім беретін мектептерінен 100-ге жуық оқушы қатысты. Суреттерден басқа қатысушылар оған эссе ұсынды.

Қазылар алқасы 9 жүлделі орын мен 1 номинант тағайындады. Жеңімпаздардың ұстаздары алғыс хаттармен марапатталды, ал қатысушыларға электронды түрде сертификаттар жіберіледі.

10-12 жас санатында: 1 орын- Анна Шишкина, 11 жас, М. Әуезова ЖОМ, 2 орын - Кристина Черняк, 10 жаста, №39 ЖОМ. 3 орын- Евангелина Матвейкина, 11 жаста, №18 ЖОМ.

13-14 жас санатында: 1 орын-Амир Табылды, 14 жас, №35 ЖОМ, 2 орын - Ксения Больгер, 14 жас, №14 ЖОМ, 3 орын- Айяна Жумабаева, 13 жас, №43 ЖОМ.

15-16 жас санатында: 1 орын-Аяулым Төлеубаева, 15 жас, №41 ЖОМ, 2 орын- Наталья Лищина, 15 жас, С. Торайғыров атындағы ЖОМ, 3 орын- Зере Канат, М.Әлімбаев ат. ЖОМ.

«Туған өлкенің тарихына деген сүйіспеншілік» номинациясының жүлдегері  Әлихан Бөкейхан ат. ЖОМ оқушысы Диас Маханов болды.

«Ертіс туралы аңыздар, өлеңдер бойынша Ертіспен байланысты өте жақсы жұмыстар. Қатысушылар тарапынан көптеген пейзаждар салынды, бұл балалар мен олардың ұстаздарының байқауға тыңғылықты дайындығын айғақтайды», дейді қазылар алқасының төрағасы Ерсин Каскиевич.