
Павлодар қаласының 3 мектептен тыс ұйымдарының: Балалар көркемсурет мектебінің, Балалар музыка мектебінің, Ұлттық жаңғыру мектебінің ынтымақтастығымен жүзеге «Ұлы дала әуені /Музыка Великой степи» жобасы аясында 15 наурызда Балалар музыка мектебінің қабырғасында балалар көркемсурет мектебінің оқушыларының «Дала әуені/ Музыка степи» көрмесінің тұсаукесері өтті. Бірлескен жобаның мақсаты-мәдени-эстетикалық тәрбие, Қазақ ұлттық аспаптарының алуан түрлілігі мен өзіндік ерекшелігін, көркем шығармашылық арқылы халық шығармаларының ұлылығы мен сұлулығын көрсете білу. Көрме Наурыз мейрамын мерекелеуге арналған және жобаның 1 бөлігі болып табылады. Мамыр айында Қазақстанның көпұлтты халқының музыкалық аспаптары мен басқа да этностарына арналған жобаның 2-бөлігі таныстырылады.