Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Жылды жақсылықтан баста" акциясы аясындағы шеберлік сабағы
02-02-2024 12:06
2024 жылдың 1 ақпанында "Жылды жақсылықтан баста" акциясы аясында № 26 балабақшаның балаларымен (сөйлеу қабілеті бұзылған) жапсырма бойынша шеберлік сабағы өткізілді. Шеберлік сабағы Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің педагогы Раиса Петровна Степанконың жетекшілігімен, оқушылар Варвара Черванева, Милана Садвокасова, Малика Садыкова арасында өткізді. Балалар картонға рельефті мүсіндеумен танысып, пластилинмен жұмыс істеу әдістері мен дағдыларын игерді. Шеберлік сабағының тақырыбы: "Ертегі құсы". Тапсырманы ынтамен және қызығушылықпен орындай отырып, балалар өздерінің кішкентай шедеврлерін жасады.