Ярославль қаласында өткен "Түстердің жарық әлемі - 2023" Халықаралық балалар шығармашылығы байқауына қазан айында Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінің 12 жас суретшісінің "Достық", "Менің отбасым" және еркін тақырыптағы жұмыстары жолданды.
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар мектебінің 7 оқушысы жүлделі орындарға ие болды. Олар байқаудың екінші және үшінші дәрежелі лауреаты дипломдарымен марапатталды.
II орынды 4 қатысушы жеңіп алды, олардың ішінде Милана Колесникова, 7 жаста, "Досқа арналған ас" жұмысы үшін, Зарина Кине, 14 жаста, "Дастархан басында" жұмысы үшін, Адия Игуфарова, 12 жаста, "Гуашь" техникасындағы "Балық аулау" жұмысы үшін, Малика Аспан, 12 жаста, "Акварель" техникасындағы "Дала досы" жұмысы үшін, педагогтары Гүлнар Мергалимовна Мухаметкалина, Александра, Станиславовна Ловина-Самошкина, Андрей Петрович Солоденко, Дария Карангуровна Батмаева.
III орынды Аяжан Бопышева, 9 жаста, "Фломастерлер" техникасындағы "Менің досым" жұмысымен иеленді, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова.
Мерей Амангелді, 12 жаста, аралас техникадағы "Қолшатыр астындағы екеу" жұмысы үшін, Елизавета Пелих, 15 жаста, "Гуашь" техникасындағы "Байкал" жұмысы үшін байқаудың дипломанттары аталды, педагогтары Инна Владиславовна Масленникова, Татьяна Васильевна Ахметжанова.