Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жас суретшілер шығармашылығындағы қысқы тақырып
07-02-2024 14:56
Жас суретшілер шығармашылығындағы қысқы тақырып
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 10 оқушысы Екібастұз қаласындағы балалар бейнелеу шығармашылығының "Қысқы қиялдар" облыстық байқауына өз жұмыстарын жолдады. Байқауға қалалардың, аудандардың көркемсурет мектептері, өнер мектептерінің 6-16 жас аралығындағы оқушылары қатысты. Байқау шарттары бойынша қатысушылар "Қыс суретшілер көзімен", "Дино ертегіде қонақта" тақырыптарында жұмыстар ұсынды.
 
Байқау қорытындысы бойынша Павлодар көркемсурет мектебінің оқушысы Дамира Базарбай, 13 жаста, гуашь техникасындағы "Мұз айдынында" жұмысы үшін II дәрежелі дипломант атанды, педагогы Анна Валерьевна Аткина.
 
Айсана Усинова, 13 жаста,  "Дино Алдар-Қоседе қонақта", Айлин Серік, 7 жаста,  гуашь техникасындағы "Дино Жаңа жылыңмен" жұмысы үшін, Полина Юстус, 10 жаста,  гуашь техникасындағы "Қыс" жұмысы үшін дипломанттар атанды, педагогтары Дамир Серикович Смыков, Инна Владиславовна Масленникова және Лариса Алексеевна Кузнецова.