Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жеке көрменің ашылуы
24-02-2024 09:36
Жеке көрменің ашылуы

23 ақпанда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде жоғары сынып оқушыларының жеке көрмесінің ашылуы өтті.Мектептің 10 дарынды оқушылары: Асель Бердыбай, Дарина Абдукаюмова, Айсана Ашикова, Карина Найманова, София Чабанова, Анастасия Григораш, Василиса Зубчик, Аружан Абылайхан, Василина Столярова, Ева Оноприйчуктың 40 шығармашылық және оқу жұмыстары көрермендердің, бейнелеу өнерін сүйетіндердің назарларына арналып 1-қабаттың фойесіндегі көрмеге қойылды.Алғашқы жеке көрмені ұйымдастыру - суретшінің жеке басын қалыптастырудағы және оны одан әрі дамытудағы алғашқы қадамы, ал іс-шара қонақтары: Ерсин Каскиевич Такирбасов, мектебіміздің түлектері Роман Станиславович Добров Сергей Снежинсаий және педагогтар Светлана Евгеньевна Рейн, Лариса Алексеевна Кузнецова, Анжелика Николаевна Бамбуляк, Александра Станиславовна Ловина-Самошкина құттықтаулары мен тілектерін айтты. Құрманғазы атындағы балалар музыкалық мектебінің оқушылары Роман Денисов және балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Зарина Ибрагимова өздерінің музыкалық құттықтауларымен сөз сөйледі.