Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Мен әлемді бейнелеймін" облыстық байқауының қорытындысы
05-03-2024 10:36
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде балалар суреттерінің "Мен әлемді бейнелеймін" облыстық байқауының қалалық кезеңінің қорытындысы шығарылды. Мақсаты-адамгершілік, көркемдік тәрбие, төрт аяқты достарымызға көңіл бөлу және қамқорлық көрсету. 
Қаланың 68 балабақшасының 340-тан астам тәрбиеленушісі "Мен және менің итім" тақырыбында суреттер ұсынды. Байқаудың қазылар алқасы құрамында белгілі суретшілер Ерсин Каскиевич Такирбасов, Ольга Ивановна Ловина, Светлана Владимировна Кравченко жұмыс атқарды. Байқау қорытындысы бойынша 3, 4, 5, 6 жас аралығындағы қатысушылар арасында 18 үздік жұмыс анықталды. 
I орынды № 96 балабақшаның тәрбиеленушісі Інжу Достаева, № 10 балабақшасынан Аделина Калиева, № 23 балабақшасынан Айлана Құдайберген, № 26 балабақшасынан Екатерина Найда, № 112 балабақшасынан Николь Литао, № 28 балабақшасынан Әли Кенжехан иеленді. 
 
II орынды 8 балабақша тәрбиеленушілері иеленді: № 51 Арья Кенжеғалиева, № 115 балабақшасынан Райана Кабиденова, № 9 балабақшасынан Уали Мерлан, № 49 балабақшасынан Сұлтанали Хван, № 18 балабақшасынан Ерке Қабкенова, № 1 балабақшасынан Айдана Адылханова, Бақтияр Андасов, №72 балабақшасынан Адель Райымбекова, № 82 балабақшасынан Мадина Бақтияр. 
 
III орынды келесі балабақшалардың тәрбиеленушілері иеленді: № 34, 43, 27, 39, 57, 53, 126, 2, 116 Аля Садулова, Амина Бекжанова, Амелия Каткова, Анастасия Пермякова, Лана Бондарь, Варвара Нестеренок, Александра Люлякина, София Яцук, Арина Бобученко.
Олардың барлығы Павлодар қаласының білім бөлімінің түрлі деңгейдегі дипломдарымен марапатталды.