Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Қылқалам сырлары» республикалық байқауындағы балалар суреттері
09-03-2024 14:56
«Қылқалам сырлары» республикалық байқауындағы балалар суреттері

     Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына орай ЮНЕСКО Клубтарының Қазақстан ұлттық федерациясының қолдауымен, Ақтөбе облысының, Қарғалы ауданының Балалар өнер мектебі - Юнеско Клубы ұйымдастырған «Қылқалам сырлары» республикалық сурет байқауына барлығы 14 бала қатысты.

     Байқауға 3 жас санатындағы балалар қатысты: 1)11-12 жас, 2)13-14 жас, 3)15-16 жас.

     15 жастағы Дарина Абдулкаюмова, гуашьпен орындаған «Күзгі аула» жұмысымен байқау жеңімпазы (1 орын) атанды, жетекшісі Анжелика Николоаевна Бамбуляк болды.

Саида Асанова, 13 жаста, «Күнге жол» суреті үшін, аралас техника, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Айсана Ашикова, 15 жаста, «Ескі үй» суреті үшін, гуашь техникасы, жетекшісі Анжелика Николаевна Бамбуляк     2 орын үшін дипломдармен марапатталды.

       3 орынды гуашь техникасындағы жұмысымен Виктория Белюсенко жеңіп алды, 16 жаста, жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова.