Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Көркемсурет мектебіндегі облыстық семинар
01-04-2024 12:22
Көркемсурет мектебіндегі облыстық семинар

2024 жылдың 29 наурызында Балалар көркемсурет мектебінде қосымша білім беру педагогтары мен көркем еңбек мұғалімдеріне арналған "Бейнелеу қызметі арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында облыстық семинар өтті.

      Пленарлық бөлімде 3 педагог: Павлодар қ. БКМ-нің педагогы Инна Владиславовна Масленникова "Кескіндемедегі дәстүрлі емес әдістер арқылы өнер студиясы оқушыларын оқытудың тиімділігін арттыру" баяндамасымен, Тлеугайша Каиржановна Шарипова "Балалар өміріндегі бейнелеу өнерінің рөлі" баяндамасымен, Оксана Валерьевна Сидоренко "Бейнелеу өнері сабақтарында қолданылатын оқыту ерекшеліктері, әдістері мен тәсілдері" баяндамасымен сөз сөйледі.

      Семинардың тәжірибелік бөлімінде Балалар көркемсурет мектебінің 4 қосымша білім беру педагогы Г.М. Мухаметкалина "Ауа пластилинімен жұмыс. "Үкі" жапсырма, Дария Карангуровна Батмаева "Гүлдермен Натюрморт. Кескіндеме. Гуашь", Наталья Владимировна Решетова "Акварель. Мамыргүл", Жанар Ержановна Шайкенова "Қызғалдақтар.  Монотип. Гуашь" тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізді.