Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
"Қылқалам сырлары" республикалық суреттер байқауы
10-04-2024 13:45
Әбілхан Қастеевтің туғанына 120 жыл толуына арналған "Қылқалам сырлары" республикалық суреттер байқауына Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің 14 баласы қатысты. 
Ұйымдастырушысы Қазақстан Ұлттық федерациясы ЮНЕСКО клубтарының қолдауымен Ақтөбе облысы Қарғалы ауданының балалар өнер мектебі-ЮНЕСКО клубы. “Туған жер” тақырыбындағы байқауға 11-12, 13-14, 15-16 жас аралығындағы жас суретшілер қатысты. Байқау қорытындысы бойынша төрт павлодарлық қатысушы жүлделі орындарға ие болды. І орынды гуашь бояуымен орындаған “Күзгі аула” жұмысы үшін Дарина Абдулкаюмова, 15 жаста, иеленді, педагог Анжелика Николаевна Бамбуляк. II орынды аралас техникадағы "Күнге жол" суреті үшін Саида Асанова, 13 жаста, педагог Инна Владиславовна Масленникова, гуашь техникасындағы "Ескі үй" суреті үшін Айсана Ашикова, 15 жаста, иеленді, педагог Анжелика Николаевна Бамбуляк.
III орынды гуашь техникасымен Виктория Белюсенко, 16 жаста, жеңіп алды, педагог Татьяна Васильевна Ахметжанова.