2024 жылдың 22 тамызында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде білім беру қызметкерлерінің облыстық тамыз конференциясы аясында Тәрбиешілер күні" қосымша білім беру педагогтарының көркемдік-эстетикалық бағыты секциясының жұмысы өтті.Секцияның тақырыбы: "Балалар көркемсурет мектептері мен өнер мектептерінде оқыту үдерісіндегі заманауи инновациялар" балалар көркемсурет мектептерінің, өнер мектептерінің көркемсурет бөлімдерінің, шығармашылық үйлер және шығармашылық орталықтардың 30 педагогын біріктірді.
Гульдана Касболатовна Темиржанова "Ы. Алтынсарин ат. облыстық дарынды балаларға арналған қазақ гимназия-интернаты" басшысының тәрбие жөніндегі орынбасары «Біртұтас тәрбие» тақырыбындағы бағдарламасы: ӘДІЛЕТТІ ҚАЗАҚСТАН АДАЛ АЗАМАТ. ОЗЫҚ ОЙЛЫ ҰЛТ» баяндама жасап, шығармашылық топтарда практикалық жұмыс жүргізді."Май ауданының аудандық оқушылар үйі" КМҚК қосымша білім беру педагогы Руза Ертаевна Габдулгазиз «Дәстүрден тыс тәсілдермен сурет салу техникасы» тақырып бойынша баяндама оқыды.Павлодар қ. "Балалар көркемсурет мектебі" КМҚК басшысы Ляйля Мукарамовна Мағзамова «Бейнелеу өнері сабақтарында қазақ ұлттық дәстүрлерін үйретудің маңызы» баяндамасымен, Павлодар қ. "Балалар көркемсурет мектебі" КМҚК педагогы Анжелика Николаевна Бамбуляк "Пленэрде акварель бояуы техникасын оқытудың ерекшеліктері" тақырыбы бойынша, Татьяна Геннадьевна Бадеева, "Железин ауданының Балалар өнер мектебі" КМҚК қосымша білім беру педагогы, көркемсурет үйірмесінің жетекшісі "Дәстүрлі емес әдістер мен материалдарды пайдалана отырып сурет салу арқылы балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту" тақырыбында,Екібастұз қаласының "Көркемсурет мектебі" КМҚК қосымша білім беру педагогы Ольга Владимировна Астапенко "Сән театры Балалар көркемсурет мектебінің қызметіндегі жаңа бағыт ретінде" тақырыбында сөз сөйледі.