24 қазанда Республика күніне арналған жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасындағы «Туған жерім» қалалық байқауының қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтті.
Байқауға қаланың 24 мектебінен 158 оқушы қатысты: №43, №11, №21, №40, №32, №31, №39, №35, №18, №41, №33, №6, №24, №27 ЖОМ, М.Әуезов ат. ЖОМ, М.Жүсіп Көпеев ат. ЖОМ, Торайғыров ат. ЖОМ, Шамкенов ат. ЖОМ, Ж. Тәшенев ат. ЖОМ, А.Байтұрсынұлы ат. ЖОМ, Ш. Шөкин ат. ЖОМ, Б.М. Момышұлы ат. ЖОМ, Кенжекөл ЖОББМ.
1 орынды №41 ЖОМ-нің оқушысы Вероника Терентюк, 6 жаста, «Туған жерім» жұмысымен, Амира Ташимова, 10 жаста, «Кең дала» жұмысымен, С.Торайғыров ат. ЖОМ-інің оқушысы Есения Уалиева, 15 жаста, «Менің Отаным» жұмысымен, №35 ЖОМ-ның оқушысы Адина Қалиасқар, 12 жаста, «Менің Ертіс өңірім» жұмысымен иеленді.
2 орынды №39 ЖОМ-нің оқушысы Алиша Каирбулаттың, 7 жаста, Торайғыров ат. ЖОМ-нің оқушысы Арина Демуринаның, Байтұрсынұлы ат. ЖОМ-ның Алиса Медведеваның, 11 жаста, Тәшенев ат. ЖОМ-ның оқушысы Айгерим Мақсұттың салған суреттері жеңіп алды.
3 орын келесі қатысушыларға берілді: Шөкин ат. ЖОМ-ның оқушысы Екатерина Санкоға, 6 жаста, №40 ЖОМ-ның оқушысы Айсара Сагынгановаға, 10 жаста, Кенжекөл ЖОМ-ның оқушысы Алина Бектурға, 11 жаста, Байтұсынұлы ат. ЖОМ-ның оқушысы Алина Феллерге, 14 жаста.
– Конкурсқа ұсынылған жұмыстар бізідің кең байтақ Отанымыздың табиғатын, қалаларындағы көрікті жерлері мен ерекше қорғалатын табиғи аумақтарын көрсетеді. Балалардың өз елін сүйетіні, мақтан тұтатыны, кішкентай Отанын бағалайтыны анық», - дейді көркемсурет мектебінің басшысы Ляйля Мукарамовна Магзамова.
- Бір жерлерде ашық түстер арқылы, бір жерлерде кескіндеме мен графиканың әртүрлі әдістерін монохромды, ұстамды қолдана отырып, балалар өз сезімдерін жеткізе білді.