Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Павлодарлық балалар «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» республикалық суреттер конкурсына қатысты
29-10-2024 17:58
Павлодарлық балалар  «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» республикалық суреттер конкурсына қатысты

        Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі-ЮНЕСКО клубының  оқушысы Қызғалдақ Тоқтар, 13 жаста, жалпы орта, қосымша, техникалық және кәсіптік білім алушылар арасында өткен «Балалар сыбайлас жемқорлыққа қарсы» республикалық қашықтықтан сурет салу конкурсының нәтижелері бойынша 3-орынды иеленді.Ол 2024 жылдың 9 қыркүйегі мен 4 қазан аралығында өтті.

      Конкурстың мақсаты: Қазақстан Республикасы күні мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің 10 жылдығын мерекелеу шеңберінде өскелең ұрпақтың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы дағдыларын дамыту.

     Міндеттері: Сыбайлас жемқорлыққа төзімсіздікке тәрбиелеу мәселелеріне жұртшылықтың назарын аудару; балалардың шығармашылық әлеуетін ашу; азаматтардың әлеуметтік белсенділігін арттыру; сыбайлас жемқорлыққа негативті қарауға тәрбиелеу.

     Конкурсқа 7-17 жас аралығындағы республиканың қалалары мен ауылдарынан, 7-10 жас, 11-13 жас, 14-17 жасқа бөлінген 3 жас санатындағы мыңнан астам оқушы қатысты. Конкурс келесі номинациялар бойынша өткізілді: 1. «Әділетті Қазақстан!»; 2. «Сыбайлас жемқорлықсыз әлем»; 3. «Мен және заң».

     Қызғалдақ Тоқтар «Әділетті Қазақстан!» номинациясындағы «Жемқорлыққа-жоқ» тақырыбында жұмысын орындады, Қызғалдақ өте ынталы, дарынды және өнерпаз қыз. Бұл оның байқаудағы алғашқы жеңісі, бірақ менің ойымша бұл соңғысы да  емес, - дейді оқушымыздың жетекшісі Дамир Серикович Смыков.