«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясы аясында, сондай-ақ «Демалыста кітап оқу» іс-шарасы шеңберінде Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары қазақ жазушысы Бердібек Соқпақпаевтың «Менің атым Қожа», «Аяжан», «Балалық шаққа саяхат» және т.б. кітаптарын оқыды.
Жазушының шығармалары бойынша комикстер конкурсына 30 бала қатысып, 3 оқушы жүлделі орындарға ие болды: Милана Кубекова, 15 жаста, «Менің атым Қожа» повесіне комикстер жасағаны үшін - 1 орын, жетекшісі Анна Валерьевна Аткина, Гульназ Алтынбек 13 жаста, «Балалық шаққа саяхат» әңгімесіне орындаған жұмысы үшін - 2 орын, Лейла Коваленко, 14 жаста, «Аяжан» повесіне бейнелеген жұмысы үшін - 3 орын, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн.Олардың әрқайсысы өздерін иллюстратор және жазушы ретінде байқап көрді.Өйткені, шығарманы басынан аяғына дейін оқымай, комикс салу мүмкін емес.Конкурстың қазылар алқасы мүшелерінің бірі Руслан Тлектесович Билялов комикстердің жарқын және әсерлі болып шыққанын атап өтіп, жақсы жұмыстар орындаған балаларға жоғары баға берді.
Конкурсты ұйымдастырған С.Торайғыров атындағы облыстық кітапхана әкімшілігі барлық қатысушыларды мақтау қағаздарымен және тәтті сыйлықтармен, ал жеңімпаздарды бағалы сыйлықтармен марапаттады.
Байқаудың мақсаты – комикстер мен иллюстрациялар, конкурстар арқылы балалардың классикалық ұлттық әдебиетті оқуға қызығушылықтарын арттыру.