Балалар көркемсурет мектебінің 45 жылдық мерейтойы аясында 50-ден астам қосымша білім беру басшылары, басшылардың орынбасарлары мен педагогтары, бейнелеу өнері және көркем еңбек ұстаздарының қатысуымен «Көркемдік білім беру ортасы білім беру үдерісіне қатысушыларды дамыту факторы ретінде» атты облыстық конференция өткізілді.«Балалар көркемсурет мектебінің тәжірибесі, дәстүрлері, болашағы», «Көркемдік білім беру ортасы білім беру үдерісіне қатысушылардың шығармашылық белсенділігін дамытудың шарты ретінде», «Заманауи білім беру трендтеріне сәйкес көркемсурет мектебінде оқыту», «Сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында коммуникациялық және ақпараттық технологияларды пайдалану» атты баяндамаларымен мектеп басшысы Ляйля Мукарамовна Магзамова, басшының орынбасары Инна Вдадиславовна Масленникова, мектебіміздің құрылымдық бөлімшесінің басшысы Дамир Серикович Смыков, педагог Шамиль Ракымбекович Шушаев сөз сөйледі.
Мектебіміздің педагогтары Светлана Евгеньевна Рейн, Лариса Алексеевна Кузнецова, Алексей Александрович Балин, Татьяна Васильевна Ахметжанова, Валентина Петровна Степанко, Олжас Жумабайулы Жамиш, Юлия Геннадьевна Коваленко «Стильдендірілген композиция. Қағаздан жасалған қиындылар», «Пейзаж. Майлы графика», «Қоңырау. Керамика», «Иетаңба. Линогравюра», «Гүлдер. Қатпакартоннан коллаж», «Саз ыдыс. Қыш өнері», «Сандық өнер» сияқты шеберлік сабақтар өткізді.