Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Астана қаласындағы «Туған жерім» сәндік-қолданбалы өнер бойынша XVII халықаралық балалар конкурсы
09-01-2025 10:18
Астана қаласындағы «Туған жерім» сәндік-қолданбалы өнер бойынша XVII халықаралық балалар конкурсы
 «Туған жерім» атты сәндік-қолданбалы өнер бойынша XVII халықаралық балалар конкурсы 2024 жылдың желтоқсан айында Астана қаласында өтті. Онда Балалар көркесурет мектебі-ЮНЕСКО клубының 13 оқушысы ат салысты. Олардың төртеуі конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атағына ие болды. 
Айпара Сыздықова, 14 жаста, жабағылау техникасында жасаған “Дала музыкасы” жұмысы үшін 1 орынды иеленді, жетекшісі Алтын Ибраевна Кисамиденовна. Елизавета Клочкова, 13 жаста, батик техникасындағы “Жеңіл ноталар” жұмысымен 2 орынды жеңіп алды, жетекшісі Лариса Алексеевна Кузнецова. Милена Немова, 15 жаста, батик техникасында орындаған “Таза тоғандар” жұмысы үшін 3 орынды иеленді,  жетекшісі Татьяна Васильевна Ахметжанова. Малика Малика Султанова, 12 жаста, аралас техникасында “Қозы” коллажын жасап 3 орын иегері атанды, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн. 
   Балардың жұмыстары сәндік-қолданбалы өнердің әртүрлі техникаларында орындалған, - дейді басшының орынбасары Инна Масленникова. - Біздің балалар қолөнер, кестелеу, матаға сурет салу, тігу және басқа да қолданбалы өнердің түрлі техникаларына машықтанады, сондай-ақ олар ұлттық сәндік-қолданбалы өнердің дәстүрлі әдістерін өте жақсы көреді. Өйткені, бұл біздің тамырымыз, тарихымыз, ежелгі мәдениетпен байланысымыз.