Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Педагогы - суретші Наталия Владимировна Решетованың «Менің махаббатым» көрмесі
25-01-2025 11:33
Педагогы - суретші Наталия Владимировна Решетованың «Менің махаббатым» көрмесі
2025 жылдың 24 қаңтарында Н.Нұрмұхамедов атындағы облыстық өнер музейінде балалар көркемсурет мектебінің педагогы - суретші Наталия Владимировна Решетованың «Менің махаббатым» атты көрмесінің ашылу салтанаты өтті. 
Наталия Владимировна Решетова – шығармашыл  педагог, керемет колорист, суретші-декоратор, айналасындағы әлемді нәзік сезінетін тұлға. Көрермен назарына қазақ ұлттық мәдениеті, махаббат, гүлдер, саяхаттар, туған жер туралы сериялы жұмыстардан тұратын 60-қа жуық туынды ұсынылды. «Қожа Ахмет Яссауи кесенесі», «Гүлденген Қазақстан», «Көркейген Қазақстан», «Туған дастархан» картиналары Отанға, ұлттық мәдениетке деген сүйіспеншілікке толып тұр. Акварельмен орындалған «Жарқын жағажай», «Көңілді жағажай», «Жерорта теңізі», «Қызыл теңіз» жұмыстары әлемнің түрлі елдеріне жасалған сапарлардан алынған әсерлер туралы баяндайды. Оның шығармашылығында ерекше орынды, оның өмірінде қандай да бір рөл атқарған, оған қандай да бір жолмен көмектескен адамдардың портреттеріне арнаған, мысалы акварель техникасында орындаған  «Олжастың портреті». «Майраның портреті», «Лизаның портреті», «Виктор Поликарповтың портреті»,«Алёнаның портреті», «Женяның портреті». 
Наталья Владимировна маймен, акрилмен сурет салады, акварельді жақсы көреді, жүн мен жұқа киізден паннолар жасайды. Оның шығармалары тек қазақстандық көрерменді ғана шаттандырмайды, сондай-ақ олар әлемнің түкпір-түкпіріндегі жеке коллекцияларда да сақталған.