Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Ушки да лапки» халықаралық интернет-көрме-конкурсы (Новосибирск)
28-01-2025 10:58
«Ушки да лапки» халықаралық интернет-көрме-конкурсы (Новосибирск)

     Конкурста бірнеше номинациялары болды: Анималистика, Сәндік композиция, Ертегілерге, аңыздарға иллюстрация және сәндік бұйым. Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 94 жұмысы қатысты.

   11 қатысушы жеңімпаз және дипломант атанды.Алия Ертисбаева, 12 жаста, аралас техникада орындаған «Қауіпті алдын ала сезіну» жұмысымен 2 орынға ие болды, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн.

Конкурстың дипломанттары атанғандар: Мария Шевченко, 12 жаста, аралас техникадағы «Ғасырлар тоғысынан» жұмысымен, жетекшісі Светлана Евгеньевна Рейн, Есіл Ерболат, 8 жаста, «Ұшқан қырғауыл», гуашь, жетекшісі Жанар Ержановна Шайкенова, Айару Оңғарбай, 9 жаста, гуашьпен салған «Қалай суыр арқарды қонаққа шақырды» жұмысымен, Айсауле Аубакирова, 5 жаста, гуашьпен орындаған «Гүлді алаң» жұмысымен, жетекшісі Нурлан Мухамеджанович Дауренбеков, Мирдана Нурлан, 6 жаста, «Гармония» аралас техникадағы жұмысымен, Вероника Райле, 10 жаста, аралас техникадағы «Таңғы ән» жұмысымен, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова,Эйлин Қабдулла, 7 жаста, түрлі-түсті саздан жасаған «Сәндік қырғауыл» жұмысымен, Милана Колесникова, 7 жаста, гуашьпен орындаған «Менің арқарым», Алиса Острейко, 5 жаста, түрлі-түсті саздан жасаған «Сәндік қырғауыл», жетекшісі Гульнар Мергалимовна Мухаметкалина, Мариям Тайнова, 7 жаста, фломастермен салған «Төрт мушкетер сияқты» жұмысымен, жетекшісі Дамир Серикович Смыков.