Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар
31-01-2025 12:16
Бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар
2024 жылғы 31 қаңтар күні Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде «Бейнелеу өнерімен айналысу- балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту жолы» тақырыбында бейнелеу өнері және көркем еңбек пәнінің мұғалімдеріне арналған қалалық семинар өтті. 
Семинарға қаланың 40-тан астам мұғалімдері қатысты, олар барлық шеберлік сабақтарына үлкен шығармашылық қызығушылықпен қатысып, білім мен практикалық дағдылардың үлкен қорымен кетті.
Пленарлық бөлімде қосымша білім беру педагогтары Д.С. Смыков пен Р.П.Степанко «Менің мектебім заманауи білім беру трендтеріне сәйкес» және «Сәндік-қолданбалы өнер сабақтарында балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту» баяндамаларымен сөз сөйледі. 
Практикалық бөлімде мектебіміздің педагогтары Олжас Жумабайұлы Жамиш, Бауржан Муратович Рахметов, Айдана Ардаковна Мергалиева қыш өнері бойынша «Кесе-қазақ ұлттық ыдысы», көркем пастельмен жұмыс істеу бойынша «Құстар суреті», СҚӨ бойынша «Ою-өрнекті композиция» шеберлік сабағын өткізді. 
Мұғалімдер өткізілген семинар туралы жақсы пікірлер мен ұсыныстар айтты, семинардың модераторы Ляйля Мукарамовна Магзамова іс-шара соңында семинарды қорытындылады.