Педагог пен мектеп оқушылары облыстық "Ертіс" телеарнасында қонақта болды

Мектебіміздің педагогы Дамир Серикович Смыков өзінің оқушылары Қызғалдақ Тоқтар және Амина Зикеновамен бірге облыстық “Ертіс” телерадиокомпаниясының
"Жаңа Күн" бағдарламасына қатысты. Онда ол Балалар көркемсурет мектебінің оқушыларының жетістіктері, өнер мектебінде алып жатқан білімдері, сонымен қатар мектептің Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына дайындықтары туралы айтты.