"Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз Қазақстан" республикалық акциясы
25 сәуірде Балалар көркемсурет мектебі мектептің 15 оқушысына арналған "Отбасындағы зорлық - зомбылықсыз Қазақстан" асфальтта сурет салу конкурсын өткізді. Конкурс Павлодар облысы ақпарат және қоғамдық даму басқармасының қолдауымен және бастамасымен өтті.
