Балалар салған суреттердегі Отан қорғаушылары

Павлодар қаласының жалпы білім беретін мектептерінің 89 оқушысы Отан қорғаушылар күніне арналған «Сарбаздар – туған жердің қыраны» қалалық блиц-конкурсына қатысты.
Конкурс 2025 жылғы 6 мамыр күні Балалар көркемсурет мектебінде өтті. Қатысушыларға белгіленген тақырып бойынша 2 сағат ішінде сурет салу тапсырылды. Байқау қорытындысы бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлердің есімдері белгілі болды.
Конкурс нәтижелері бойынша №2 ЖОМ-ның оқушысы Шехризат Айткулова абсолюттік жеңімпаз атанды. І дәрежелі жүлделі орындарды №32, №36, №40 ЖОМ-нің келесі оқушылар иеленді: Савелий Орлов, 14 жаста, Татьяна Зайцева, 16 жаста, Назерке Сакенқызы, 12 жаста.
2-орын иегерлері: Ибраһим Молдағали, 16 жаста (А.Бөкейхан ат. ЖОМ), Айбат Ахметбек, 13 жаста (№25 ЖОМ), Анастасия Павлова, 10 жаста (№27 ЖОМ). 3-орын иеленген оқушылар: Мадина Магзумова, 11 жаста (№33 ЖОМ), Мария Рамазан, 14 жаста (Кенжекөл ЖОМ), Елена Шуткина, 16 жаста (№36 ЖОМ).