Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған «Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды!» атты балалар суреттерінің республикалық конкурсына (РҚББОӘО) Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінен 20 оқушы қатысты. Олардың 17-сі конкурстың жеңімпаздары мен жүлдегерлері атанды. Конкурс екі номинация бойынша өткізілді: «Менің есімде! Мен мақтан етемін!» және «Бейбіт аспан».
І дәрежелі дипломдармен марапатталған оқушылар: Вероника Носачева, 10 жаста «Ұрпақ жады» фломастермен орындалған жұмысы үшін, София Чернова, 9 жаста, «Шыда, жаным!» жұмысы үшін, Мия Невечерова, 9 жаста, «Мейірбике» жұмысы үшін, фломастер, Виталина Рыкова, 10 жаста, «9 мамыр – Жеңіс күні» жұмысы үшін, Юлия Пантова, 8 жаста, «Мәңгілік алау жанында» пастель техникасында орындалған жұмысы үшін, Платон Драмачев, 9 жаста, «Партизандар ерлігі» атты жұмысы үшін, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Мария Чиркина, 10 жаста, «Комбайн тізгіндеген әйелдер» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Оксана Валерьевна Сидоренко.
ІІ дәрежелі дипломмен жас суретшілер марапатталды: Маргарита Илюхина 10 жаста, «Бізге сыйға берілген әлем» атты жұмысы үшін, аралас техника, жетекшісі Алтын Ибраевна Қисамиденова, Малика Аспан, 13 жаста, «Менің атам» атты жұмысы үшін, акварель, жетекшісі Дария Карангуровна Батмаева, Дарья Воливач, 11 жаста, «Тыл еңбеккерлері» жұмысы үшін, түрлі-түсті қарындаштар, жетекшісі Оксана Валерьевна Сидоренко, 9 жастағы Әдия Джумабекова «Олар Отан үшін шайқасты» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Инна Владиславовна Масленникова, Тоқтар Қызғалдақ, 14 жаста, графика техникасындағы «Соғыс» атты жұмысы үшін, Жазира Мұқан, 14 жаста, «Ауыл еңбеккерлері» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Дамир Серикович Смыков.
III дәрежелі дипломмен келесі қатысушылар марапатталды: Ләйсана Бақыт, 11 жаста, «Көк аспан астында» атты жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі – Алтын Ибраевна Кисамиденова, Амина Саганбаева, 11 жаста, «Партизан соғысы» атты графикалық жұмысы үшін, жетекшісі Оксана Валерьевна Сидоренко,
Айлин Искакова, 8 жаста, «Қиын шайқас» жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Тлеугайша Каиржановна Шарипова, Адель Капенова, 8 жаста, «Мамыр айы» атты жұмысы үшін, гуашь, жетекшісі Гульнар МергалимовнаМухаметкалина.
