Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
ЖОМ оқушылары ата-аналарымен пленэрге қатысты
11-06-2025 15:27
ЖОМ оқушылары ата-аналарымен пленэрге қатысты
2025 жылғы 11 маусымда Павлодар қ.  Балалар көркемсурет мектебі жалпы білім беретін мектеп оқушыларымен бірге «Еңбекқорлық пен кәсібилік» құндылығы бойынша «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясындағы «ШеберLife» жобасы бойынша жазғы шара өткізді. Жазғы «Күнбағыс» атты шығармашылық пленэрге А.Байтұрсынов, Малайсары батыр, А.Бекхожин, Әлімбаев ат. ЖОМ мен №11, №41, №7, №26, №25, №36, №15, №22, №9, №32, №39 жалпы білім беретін мектептерінен 20 оқушы және 20 ата-ана қатысты. Пленэр Майра 3 мекенжайындағы Усолка өзенінің жағасындағы көркем табиғат аясында өтті, бұл жер шығармашылық көңіл күйге жақсы ықпал етеді. Балалар бар ықыласымен, сеніммен және үлкен қызығушылықпен еңбекке кірісті, себебі олардың жанында ең жақын жандар – анасы, әкесі және әжесі болды.
Айта кетер жәйт, ата-аналар да шығармашылық процеске толығымен беріліп кетті: әрқайсысы гүлдің сұлулығын, ерекшелігін, бөлшектерін барынша шынайы көрсетуге тырысып, өздерінің еңбексүйгіштігі мен шығармашылық қабілетерін таныта білді. Бірлескен шығармашылық сәтті өтті: ешкім ата-анасымен бірге жасаған суретін қалдырғысы келмеді.