Балалар бейнелеген құмырсқалар, көбелектер мен аралар
16 маусым күні 7-12 жас аралығындағы жазғы мектеп жанындағы және бейінді лагерьлердің оқушылары арасында қазақ ақыны Үтебай Тұрманжановтың «Құмырсқалар, аралар, айнымас дос - құдалар» шығармасы бойынша «Экоlife» атты қалалық сәндік-қолданбалы өнер байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты – экологиялық мәдениетті, эстетикалық талғамды және еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Балалар кейіпкерлердің костюмдерін сым, картон, пластик, қағаз, полиэтилен, қағаз қиындылары сияқты қалдық материалдардан жасап, тапқырлықтары мен қиялдарын көрсете білді.
Байқауға қаладағы 8 жалпы білім беру мектебінен 35 оқушы қатысты: Малайсары ат. ЖОМ, А. Байтұрсынұлы ат. ЖОМ, №37 , №7 ЖОМ, Жетекші ЖОМ, №46, №14 ЖОМ, М. Әлімбаев ат. ЖОМ. Әр мектеп байқауға жақсы әрі мұқият дайындалған. Малайсары ат. ЖОМ оқушылары 10 костюм, №37 ЖОМ – 8 костюм дайындады, ал №14 ЖОМ оқушылары бұл ертегіге арнап өлең де шығарған. Балалар кейіпкерлердің костюмдерін төрт түрлі қалдық материалдан — сым, картон, пластик, қағаз, полиэтилен және қағаз қиындыларынан жасап, тапқырлықтары мен қиялдарын көрсете білді.
Қазылар алқасы 3 жас ерекшелігі санаты бойынша 9 диплом табыстады. 1-орынды А. Байтұрсынұлы ат. ЖОМ оқушылары Жансая Қабдулла мен Алия Тельгузинова, Жетекші ауылының мектебінен Жасмин Айткенова иеленді.
Қазылар алқасының төрайымы Алтын Ибраевна Кисамиденова байқаудың балаларға өте пайдалы әрі қажет екенін атап өтті, өйткені ол балалардың шығармашылығын және қиялын дамытып, ойлануға, жаңа идеялар іздеуге үйретеді. Сонымен қатар, балаларда артистизм мен өз шығармашылығын жеткізу дағдылары қалыптасады.
