Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Домбыра күніне арналған қалалық блиц-конкурсы
03-07-2025 17:30
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде Домбыра күніне орай жалпы білім беретін мектептердің жанындағы жазғы лагерлер арасында қалалық блиц- конкурсы өтті. Конкурс келесі мектептерден 60-тан астам қатысушыны біріктірді: №43 ЖОМ, №32 ЖОМ, №36 ЭБПОББМ, №14 ЖОМ, №18 ЖОМ, №21 ЖОМ, №2 ЖОМ, №39 ЖОМ, №28 ЖОМ, №41 ЖОМ, №30 ЖОМ, №11 ЖОМ, №35 ЖОМ, №26 ЖОМ, М.Әуезов ат. ЖОМ, Ш.Шөкин ат. ЖОМ, М.Жүсіп ат. ЖОМ, А.Бекқожин ат. ЖОМ, Р.Нұртазина ат. ЖОМ, Ж.Тәшенев ат. ЖОМ, Кенжекөл ЖОМ, А.Бөкейхан атындағы және Малайсары батыр ат. ЖОМ. Қатысушыларды қазылар алқасының төрағасы Ерсин Каскиевич Такирбасов құттықтап, жылы лебізін білдірді, сонымен қатар домбыра оркестрінің жетекшісі Алия Абишевна Апушева домбыраның шығу тарихы мен түрлері туралы мазмұнды ақпаратпен бөлісті. Балалар өздерінің «Дала әуендері» тақырыбындағы композицияларын Даржұман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің домбыра оркестрі орындаған халық күйі «Кеңес» пен Құрманғазының «Балбырауын» күйлерінің әуендерімен шабыттана сала бастады. – Балалар зейін қойып, ынтамен өз туындыларын жасауға кірісті. Қарандаш пен қылқаламның әрбір қозғалысынан олардың ақылы мен жүрегінің қаншалықты қызығушылықпен жқмыс жасап жатқанын байқауға болады. Барлық жұмыстар шынайы, жан тебірентерлік етіп орындалған, композицияны әдемі құрастыруға тырысқандықтан, қазылар алқасына 60 жұмыстың ішінен ең үздерін таңдау қиынға соқты, – деді қазылар алқасының төрағасы Ерсин Каскиевич Такирбасов. Барлығы 9 бала Павлодар қаласының білім беру бөлімінің атынан «Дала музыкасы» атты блиц-конкурсында ең үздік жұмыстары үшін 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталды. Конкурста жеңіске жеткен 1 дәрежелі дипломдар №11 ЖОМ, Ж.Тәшенов ат. ЖОМ, М.Жүсіп ат. жОМ-нің оқушыларына берілді: Константин Корницкий, 9 жаста, Әдия Жұмағали, 10 жаста, Аяжан Жанпеисова, 14 жаста. 2 дәрежелі дипломдар Ә.Бөкейхан ат. ЖОМ оқушысы Аида Жалғаубековаға, №28 ЖОМ-нің оқушысы Макар Никитенкоға, №8 ЖОМ-нің оқушысы Ясмин Исенге берілді; 3 дәрежелі дипломдарға №41 ЖОМ-нің оқушысы Эмир Сейплденов, Ш.Шөкин ат. ЖОМ-нің оқушысы Аяулым Сағындық және №14 ЖОМ-нің оқушысы Аиша Адабиятова ие болды.