Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Жас суретшілердің республикалық “Бояулар құпиясы” конкурсы
29-09-2025 16:21
Жас суретшілердің республикалық “Бояулар құпиясы” конкурсы
21–25 қыркүйек аралығында Павлодар облысының жас суретшілер командасы Алматы қаласында өткен жас суретшілердің республикалық “Бояулар құпиясы” конкурсына қатысты. Команда құрамында келесі оқушылар болды: Каппасова Алуа (Ақтоғай а.), Заркеш Имран (Баянауыл а.), Абенова Милена (Ақсу қ.), Кубекова Милана, Ахмет Жазира (Павлодар қ.), Демченко Эвелина (Екібастұз қ.).
Конкурсқа республикамыздың түкпір-түкпірінен келген командалар қатысып, өз туындыларын республикалық конкурстың қазылар алқасының бағалауына ұсынды. Конкурс жүлдегерлері қатарынан Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы Жазира Ахмет құрметті 3-орынды иеленді (жетекшісі – Мерғалиева А. А.).