Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
“Құстар әуені” XV Республикалық экологиялық конкурс-фестивалі
30-09-2025 19:45
“Құстар әуені” XV Республикалық экологиялық конкурс-фестивалі
Ақсу қаласында балалардың сурет салу өнерінен өткен “Құстар әуені” атты XV Республикалық экологиялық конкурс-фестиваліне Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінен 11 оқушы қатысты. Олардың бесеуі жүлделі орындарға ие болды. Атап айтқанда: Райле Вероника, 10 жаста, “Ұя ілеміз” атты гуашь техникасымен орындалған жұмысымен ІІ орынға ие болды (жетекшісі – Масленникова Инна Владиславовна), Мукантаева Ясмин, 12 жаста, “Өмір қандай алуан түрлі!” атты аралас техникада орындалған жұмысымен ІІІ орынға ие болды (жетекшісі – Рейн Светлана Евгеньевна), Бекжан Дария, 14 жаста, “Қаздардың қоныс аударуы” атты аралас техникада орындалған жұмысымен ІІ орын алды (жетекшісі – Рейн Светлана Евгеньевна), Небогатов Глеб, 10 жаста, “Шымшықтардың жемі” атты фломастермен салынған жұмысымен ІІІ орынға ие болды (жетекшісі – Мухаметкалина Гулнар Мергалимовна), Саруарова Сагдиана, 12 жаста – “Гармония” атты гуашь техникасында салынған жұмысымен ІІІ орынға ие болды (жетекшісі – Батмаева Дария Карангуровна).