Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Халықаралық байқаудың II дәрежелі лауреаты Ясмина Левадная
28-01-2026 15:14
Халықаралық  байқаудың II дәрежелі лауреаты Ясмина Левадная
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің тәрбиеленушісі, 17 жастағы Ясмина Левадная Ресей Федерациясының Волгоград қаласында өткен «Өзім және әлем туралы. Суретшінің шеберханасында» атты Халықаралық балалар көркемөнер шығармашылығы байқауында II дәрежелі лауреат атанды. 
Ясмина — шығармашылыққа бейім, мақсаткерлігімен ерекшеленетін, өз болашағын жастайынан айқын айқындап алған бірегей тұлға. Ол таңдаған жолымен нық қадам басып, өмірін немен байланыстыратынын нақты біледі. Мектеп қабырғасында білім алған жылдар ішінде ол өзіне тән көркемдік қолтаңбасын қалыптастырып, шығармашылыққа деген сенімділігін нығайтты, әртүрлі деңгейдегі беделді байқауларда көптеген жеңістерге жетіп, жүлделі орындарға ие болды. Ясмина реализм бағытында жоғары шеберлікпен жұмыс жасайды, дәлдігімен, терең мазмұнымен және эмоциялық әсерлілігімен ерекшеленетін көркем туындылары сомдай біледі. Ясмина көрерменге жеткізгісі келген сюжетті нәзік сезіне біледі, ал оның композициялық шешімдері жеңіл әрі үйлесімді болып келеді. Сондай-ақ ол қол жеткізген жетістіктерімен шектелмей, кәсіби тұрғыдан үнемі ізденіп, шығармашылық шеберлігін үздіксіз жетілдіруге ұмтылады.
Сонымен қатар Ясмина барлық саланы қатар алып жүре алады, жалпы білім беретін мектепте үздік оқып, ағылшын тілін терең меңгеру үстінде, соған қарамастан ол жауапкершілігі жоғары, тәрбиелі әрі мақсаткер тұлға болып табылады. Бұл мысал таланттың толық қуатын көрсету үшін ішкі тәрбие, еңбекқорлық және тәртіптің қандай рөл атқаратынын айқын бейнелейді.
Табиғи қабілеті, табандылығы және Балалар көркемсурет мектебінің педагогтарының қолдауының арқасында Ясмина бүгіннен-ақ болашақ мамандығы туралы нақты шешім қабылдады. Ол өз болашағын архитектура, дизайн және өнер саласында айқын көріп, арманын жүзеге асыруға сенімді қадам басуда.