Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Техникадан көркем бейнеге: балалар шығармашылығындағы бейнелеу өнерінің практикалық тәсілдері» тәжірибеге бағытталған семинар
04-02-2026 17:26
«Техникадан көркем бейнеге: балалар шығармашылығындағы бейнелеу өнерінің практикалық тәсілдері» тәжірибеге бағытталған семинар

2026 жылғы 4 ақпанда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінде «Техникадан көркем бейнеге: балалар шығармашылығындағы бейнелеу өнерінің практикалық тәсілдері» тәжірибеге бағытталғансеминар өткізілді. Мақсаттары мен міндеттері:

- кәсіби тәжірибе алмасу; бейнелеу қызметінде инновациялық және дәстүрлі емес әдістерді пайдалану;

- тәрбиешілердің балабақша және бастауыш сынып жасындағы балалармен жұмыс істеу үшін практикалық құралдарын кеңейту.

Семинар барысында қатысушылар шығармашылық ойлауды, қиял мен балалардың көркем қабілеттерін дамытуға бағытталған бейнелеу қызметін ұйымдастырудың заманауи тәсілдерімен танысты. Білім беру процесінде дәстүрлі емес сурет салу әдістерін қолдануға ерекше мән берілді.

Павлодар қаласының балабақшалары мен білім беру ұйымдарының педагогтары баяндама жасап, тәжірибелерімен бөлісті. Дария Карангуровна Батмаева баланың жеке тұлғасын дамытуда шығармашылық қызметтің маңыздылығын айтып өтті. Мақпал Семсер, Бактыгуль Абаевна Альменбаевна және Сандугаш Самаровна Абенова балабақшаларда дәстүрлі емес сурет салу әдістерін қолдану бойынша практикалық тәжірибелеріментаныстырды.

Семинардың практикалық бөлімі Балалар көркемсуретмектебінің қосымша білім беру педагогтары М.Е.Канленов, Б.М.Рахметов, Д.А.Кусаинова, Г.Р.Сулейменова жүргізген сериялы шеберлік сабақтарынантұрды. Қатысушылар фломастермен монотипия, умаждалғанқағазбен сурет салу, ниткография әдістерін меңгерді, сондай-ақ аква-грим негіздерімен танысты. Шеберлік сабақтары тыңдаушыларда қызығушылық тудырып, белсенді қатысуға мүмкіндік берді.

Өткізілген семинар кәсіби қарым-қатынас, тәжірибе алмасу және практикалық жетістіктерді ортаға салу үшін тиімді алаң болды. Қатысушылар ұсынылған тақырыптардың өзектілігін және алған білімді өздерінің педагогикалық тәжірибелеріндеқолдану мүмкіндігін атап өтті.