Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
«Бірлік ертегілері» көрмесі
06-02-2026 17:20
«Бірлік ертегілері» көрмесі

6 ақпан күні  Балалар көркемсурет мектебінде «Бірлік ертегілері» көрмесінің ашылуы өтті. Көрмеге ұсынылған 35 сурет Қазақстан халқының түрлі этностарының ертегілеріне иллюстрациялар болып табылады. Әр халықтың ертегілері-оның жан дүниесінің, дәстүрлері мен даналығының көрінісі. Көрмеге қойылған иллюстрациялар бізге әртүрлі мәдениеттердің бір-бірін қалай толықтыратынын көрсетеді. «Бірлік ертегілері» көрмесі — мәдени әртүрліліктен еліміздің күш-қуаты мен сұлулығы туады дегенді еске салатын шара.

Көрменің ашылуында мектеп басшысы Ляйля Мукарамовна Магзамова құттықтау сөз сөйледі. Даржуман атындағы Ұлттық жаңғыру мектебінің оқушылары өз педагогтары Ядвига Козловская мен Марина Емельяновнамен Ершовамен бірге музыкалық ән шашуымен келді. Балалар қазақ және польша тілдерінде «Қазақстан – жарқын әлем» және «Радуга» әндерін орындады.