Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңі
13-02-2026 14:04
«Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңі
2026 жылғы 13 ақпанда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы өнер бойынша балалар шығармашылығының республикалық көрме-байқауының қалалық кезеңін өткізді. Аталған шараға Павлодар қаласының жалпы орта білім беретін мектептерінің оқушыларынан 88 жұмыс қатысты. Қатысушылар қатарында 23 білім беру ұйымы бар. Атап айтқанда: №11 ЖОББМ, Қ.Бекқожин ат. ЖОББМ, №39 ЖОББМ, Ә.Бөкейхан ат. мектеп-лицейі, Ш. Шөкин ат. ЖОББМГ, С. Торайгыров ат. ЖОББМ, А. Байтұрсынұлы ат. ИҮЖОББМ, Ж. Тәшенев ат. ЖОББМ, №15 ЖОББМ, Кенжекөл ЖОББМ, №24 ЖОББМ, Малайсары батыр ат. ЖОББМ, №18 ЖОББМ, М. Әлімбаев ат. ЖОББМ, №43 ЖОББМ, №7 ЖОББМ, М. Әуезов ат. ЖОББМ, №47 ЖОББМ, К. Макпалеев ат. ЖОББМ, №6 ЖОББМ, Б. Момышұлы ат. ЖОББМ, Мәшһүр Жүсіп ат. ЖОББМ, №21 ЖОББМ.
Тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, бисер, батик, киіз басу, құрақ пластикасы номинациясы бойынша ІІІ орынды Кенжекөл жалпы орта білім беретін мектебінің оқушылары Ерсаинова Аяулым, Махсутхан Нұрсәуле. Жетекшілері: Айтмақова Гүлнар Мысыровна, Сейітова Жұлдыз Жанатқызы. ІІ орынды  Мәшһүр Жүсіп атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Дулат Малика. Жетекшісі: Займолда Күлжазира. Ал І орынды  №47 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Оразбеков Ерсултан иеленді. Жетекшісі: Ақмағанбетов Нұрлыбек Оразбекович.
Ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар, инкрустация (сүйек, металл,ағаш) номинациясы бойынша ІІІ орын К.Мақпалеев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Байкуниров Радмирге. Жетекшісі: Нақышпан Дархан Оразәліұлы. ІІ орын  М.Әуезов атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Бриж Артемге. Жетекшісі: Кусаинов Дамир Кусаинович. І орын Малайсары батыр атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Шалбаев Диасқа берілді. Жетекшісі: Махмет Қайнарбек Ерназарұлы.
Металды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, сомдау номинациясы бойынша ең үздік деп танылған жеңімпаз Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Мусиралиев Алдияр атанды. Жетекшісі: Рамазанов Ергали Ермекович.
Ағаштан, тастан, саздан (қыш саз), сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау номинациясы бойынша ІІІ орын дипломымен  №18 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Мухомодиев Дияр. Жетекшісі: Абеева Бибинур Норубикимовна. ІІ орын дипломымен М. Әлімбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Панько Полина. Жетекшісі: Сакирко Елена Ивановна. І орын дипломымен  №21 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Титкова Диана марапатталды. Жетекшісі: Корсунова Нина Петровна.
Ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау номинациясы бойынша ІІІ орын Қ. Бекқожин атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Каменова Аружанға. Жетекшісі: Бейсеева Асел Бекжигитовна. ІІ орын  №15 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Шагирова Самидаға. Жетекшісі: Шарбакбаева Риза Мухамбетовна. І орын  Ә. Бөкейхан атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Сериккалиева Нұрайымға берілді. Жетекшісі: Каржасбаева Асем Төлеутаевна.
Қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация,  квиллинг, папье-маше номинациясы бойынша ІІІ орынды Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Томарбаева Нармин.
Жетекшісі: Темірболатова Нұргуль Нұрболатовна. ІІ орынды №24 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Олжекен Олжасар. Жетекшісі: Ахметова Бахытжан Сапарбековна. І орынды Ш.Шөкин атындағы мектеп-гимназиясының оқушысы Байназарова Эльзара иеленді. Жетекшісі: Юсупова Зарина Қадырбаевна. 
Ұлттық нақыштағы интерьердің ерекше дизайн-жобасы: үйлер, бөлмелер, саяжайлар, ландшафт және т. б. номинациясында дипломдармен марапатталғандар: ІІІ орын №21 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Буцыгина Ева. Жетекшісі: Буцыгина Наталья Вячеславовна. ІІ орын №24 жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Смаков Расул. Жетекшісі: Меньщикова Файна Чулпановна. І орын Б.Момышұлы атындағы жалпы орта білім беретін мектебінің оқушысы Калишев Мирхат. Жетекшісі: Шарапиденова Жанаргуль Қакимовна.