«Қосымша көркем білім беру жүйесінде білім алушылардың көркем-шығармашылық құзыреттіліктерін дамытудың заманауи тәсілдері» көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беретін педагогтерге арналған облыстық семинар.
2026 жылғы 4 наурыз күні Балалар көркемсурет мектебінде «Қосымша көркем білім беру жүйесінде білім алушылардың көркем-шығармашылық құзыреттіліктерін дамытудың заманауи тәсілдері» тақырыбында көркем-эстетикалық бағыттағы қосымша білім беретін педагогтеріне арналған облыстық семинар өтті.
«Балалар көркемсурет мектебі жағдайында 5–9 жас аралығындағы балалардың көркем-шығармашылық қабілеттерін дамыту» баяндамасымен БКСМ басшысының орынбасары Г.М. Мухаметкалина, «ЖОО-ға түсушілерге академиялық суретті оқытудағы заманауи үрдістер» баяндамасымен Екібастұз қаласының БКСМ қосымша білім беру педагогы Ольга Владимировна Астапенко сөз сөйледі. Павлодар қ. БКСМ қосымша білім беру педагогтары Александра Станиславовна Ловина-Самошкина «Басқұр негізіндегі ою-өрнекті білезік». Гобелен техникасы (қолмен тоқу), Екатерина Александровна Одарчук «Ұлттық стильдегі “Қарлығаш” танамоншағы». Жұқа киіз, жасанды тастар., Дәуренбеков Нұрлан Мұхамеджанұлы «Мастихинмен сурет салу» , Степанко Раиса Петровна «Пейзаж». Фольгамен монотипия» шеберлік сабақтарын өткізді.
Семинардың модераторы Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі басшысының оқу ісі жөніндегі орынбасары Инна Владиславовна Масленникова болды.
