Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Бір шаңырақ астында» көрмесі
29-04-2026 12:31
«Бір шаңырақ астында» көрмесі

29 сәуір күні Қазақстан халқының бірлігі күніне орай Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінде «Бір шаңырақ астында» атты көрме ашылды. Экспозицияда акрил және майлы бояу техникасында орындалған 15 жұмыс, гуашь және графика техникасындағы 35 жұмыс, сондай-ақ мектеп оқушыларының сәндік-қолданбалы өнер (СҚӨ) бағытындағы 33 жұмысы ұсынылған. Бұл туындыларда Қазақстанда көптеген жылдар бойы татулық пен келісімде өмір сүріп келе жатқан түрлі этностардың дәстүрлері мен мәдениеті көрініс тапқан.