«Балалар кітапханасы» жобасы
13 мамыр күні Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары «Балалар кітапханасы» жобасы аясында Қалмақан Әбдіқадыровтың Қажымұқан романының 75 жылдығына арналған «Жанды кітап» іс-шарасында өз шығармашылық жұмыстарын ұсынды. Оқушылар шығарманы оқып, одан алған жарқын әсерлерінің негізінде әртүрлі техникада шығармашылық жұмыстар орындады. Іс-шара барысында қатысушылар Қажымұқан Мұңайтпасұлының өнегелі өмір жолымен танысып, бейнероликтер мен кітап көрмесі арқылы рухани әсер алды. Ұлттық құндылықтар мен рухты насихаттауға бағытталған мазмұнды рухани кеш қатысушыларға ерекше әсер қалдырды.
