Балаларды қорғау күніне арналған қалалық байқау
Балалар көркемсурет мектебінің 2-сынып оқушылары Е.И. Юминова мен Т.В. Ахметжанованың жетекшілігімен бүгін, 1 маусым күні, Балаларды қорғау күніне арналған қалалық байқауға келесі тақырыптар бойынша қатысты:
«Сіріңке – балалардың ойыншығы емес»;
«Қауіпсіз электр энергиясы»;
«Өрт сөндіруші батырлар балалар көзімен»;«Орманды өрттен сақта!»; «Абайлаңыз: су!»;
«Төтенше жағдайлар қызметінің көмегі»; «Болашақтағы қауіпсіздік».
Байқауды облыстық Төтенше жағдайлар департаменті ұйымдастырды. Байқауға қатысқан барлық оқушылар сыйлықтармен марапатталды.
