Балалар көркемсурет мектебінің «Creative Vibe: Жаз–2026» жазғы мектеп бағдарламасы шеңберінде 5 маусым күні М. Әуезов атындағы ЖОББМ мен №24 ЖОББМ-і жанындағы жазғы лагерьлердің 44 тәрбиеленушілеріне арнап БКСМ-нің педагогтары Анжела Николаевна Бамбуляк пен Раиса Петровна Степанко мүсіндеу өнерінен шеберлік сабағы өткізді. Шеберлік сабағы «Құс» және «Ағаш» тақырыптарына арналды. Балаларға табиғатты аялау және қоршаған ортаға ұқыпты қарау құндылықтары насихатталды. М. Әуезов атындағы ЖОББМ-нің оқушылары түрлі түсті ермексаз арқылы бедерлі мүсіндеу техникасымен танысты. Жұмыс барысында олар қатты картонда сәндік мүсіндеу тәсілдерін меңгерді. Шеберлік сабағы аяқталған соң балаларға мектеп бойынша экскурсия өткізілді, онда Балалар көркемсурет мектебінің педагогтері мен оқушылары орындаған шығармашылық жұмыстары ұсынылды.
