«Creative Vibe: Шығармашылық арт”
«Creative Vibe: Шығармашылық арт» мектеп жобасы аясында Павлодар қаласынның Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары үшін 1- 15 маусым аралығында пленэр өткізілуде. Жас суретшілер күн сайын қала көшелеріне шығып, туған қаланың жазғы көріністерін, Ертіс жағалауын, қаланың көрікті орындары мен әсем бұрыштарын қағаз бетіне түсіріп, жазғы этюдтер орындауда.
