Тамыз конференциясы аясындағы көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған секция жұмысы
2026 жылғы 26 тамызда Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің педагогтері қалалық тамыз конференциясы аясында көркем еңбек пәні мұғалімдеріне арналған секция жұмысына қатысты.
Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебінің педагогі Айдана Ардаковна Мергалиева «Өнер және көркем еңбек құралдары арқылы ХХІ ғасырдың негізгі құзыреттілігі – креативтілікті дамыту» тақырыбында баяндамасын ұсынды. Қосымша білім беру педагогі Н. М. Дауренбеков «Мастихинмен кескіндеме» тақырыбында шеберлік сабағы арқылы өз тәжірибесімен бөлісті.

