Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Болгарияның Нова-Загора қаласындағы Халықаралық жастардың бейнелеу өнері көрме-байқауы
10-09-2026 15:33
Болгарияның Нова-Загора қаласындағы Халықаралық жастардың бейнелеу өнері көрме-байқауы
Болгарияның Нова-Загора қаласында өтетін Халықаралық жастардың бейнелеу өнері көрме-байқауы 4 пен 20 жас аралығындағы балаларға арналған жыл сайынғы шығармашылық жоба. Байқаудың тақырыбы еркін. Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі бұл байқауға көптеген жылдар бойы тұрақты түрде қатысып келеді.
Биылғы байқауға Албания, Беларусь, Болгария, Германия, Грекия, Үндістан, Индонезия, Иран, Испания, Қазақстан, Қытай, Латвия, Литва, Малайзия, Молдова, Польша, Португалия, Румыния, Ресей, Солтүстік Македония, Словакия, Словения, Сербия, Тайвань, Таиланд, Түркия, Украина, Венгрия, Хорватия, Чехия және Шри-Ланка елдерінен барлығы 2725 жұмыс қатысты.
Олардың қатарында Павлодар қаласының Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының 15 жұмысы бар. Олардың екеуі дипломант атанды, олар: 4 жастағы Юлия Новожилова – «Кактустары бар натюрморт» (фломастер) жұмысы үшін, жетекшісі Т.К. Шарипова, 7 жастағы Екатерина Бондарь – «Аттар» (фломастер) жұмысымен, жетекшісі А.В. Аткина.