Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
«Ертіс-Баян өлкесінің тағылымы» көрмесі
31-10-2026 09:59
«Ертіс-Баян өлкесінің тағылымы» көрмесі
30 қазан күні Барнаул қаласының  №1 Өнер мектебінде «Ертіс-Баян өлкесінің тағылымы» көрмесінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
 Көрмеге Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының туған өлкенің қайталанбас табиғатына, тарихына, мәдени мұрасы мен Қазақстанның ұлттық дәстүрлеріне деген сүйіспеншілігін бейнелейтін, әртүрлі көркемдік техникада орындалған 60 туындысы ұсынылған. 
Экспозицияда Павлодар облысының көрнекті тарихи тұлғаларының портреттері айрықша орын алды.
Көрменің ашылу салтанатында қонақтарға Алтай өлкелік «Қазақтардың ұлттық-мәдени автономиясы» қоғамдық ұйымы басқармасының төрағасы Мурат Серикович Бекмуратов құттықтау сөз сөйлеп, қазақ халқының салт-дәстүрі мен мәдениеті, ұлы Ертіс өзені және Павлодар облысының символдарының біріне айналған көрікті Баянауыл өңірі туралы сөз қозғады. «Нұр-Алтай» шығармашылық ұжымының ұлттық нақыштағы музыкалық өнері іс-шараның сәнін келтіріп, жиналған қауымға ерекше әсер сыйлады. Бұл көрме «Ресей – Қазақстан» атты халықаралық жобаның екінші кезеңі болып табылады. Өткен жылы Барнаул қаласының №1 Балалар өнер мектебі оқушыларының туындылары Павлодар қаласындағы Балалар көркемсурет мектебінде көрермен назарына ұсынылып, өзіне тән бояу нақыштары мен сан алуан көркемдік стилімен ерекшеленетін кескіндеме жұмыстары көпшілікке таныстырылған болатын.