Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Өзбекстаннан келген алтын медаль
27-01-2017 05:09
2016 жылдың 23 желтоқсанында Ташкент қаласында Өзбекстанның Суретшілер одағының және Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігімен бірге ұйымдастырылған «Радости Ташкента» 6 халықаралық көрме-биеннале аяқталды. Көрермендер бүкіл әлем балаларының әлемге деген көзқарастарын бейнелеген суреттерін көре алды. 30 мемлекеттен қатысқан 3500 қатысушылардың арасында Қазақстанның Павлодар қаласы №1 Балалар көркемсурет мектебінің 21 оқушылары болды. Алтын медальге «графика» техникасында орындалған «Мен анама көмектесемін» суретінің авторы, 7 жасар Сивак Эвелина ие болды. 15 жасар Калганова Софья «гуашь» техникасында орындаған «Түнгі қала» суреті үшін естелік медалімен марапатталды. Сивак Эвелина - №5 ЖОББ мектебінің 2 сынып оқушысы, көркемсурет мектебінде 5 жасынан оқиды және келешекте суретші болуды армандайды. Калганова Софья - №43 ЖОББМ 10 сынып оқушысы, шығармашылықмен 7 жасынан айналысады, одан басқа биология мен химия пәндерін ұнатады, сондықтан дәрігер болуды арман етеді. Байқауға қатысқан әр бала өз суреттерінде өмірлерін, сүйікті қалаларын бейнелеп, алған әсерлерімен басқа балалармен бөлісті. Кез келген көрме немесе байқау – бұл мейірімділік, әсемдік және балалардың күлкісіне толы мейрам. Балалар шығармашылығы - бейбітшілік пен мейірімділіктің серігі, және мемлекеттер мен халықтар арасындағы достық қарым-қатынасын нығайтуда зор үлесі бар.