Қысқы қиялдар
2017 жылдың 20 қаңтар айында Екібастұз қаласында «Қысқы қиялдар» 11 аудандық балалар шығармашылығы байқауының қорытындылары бойынша марапаттау рәсімі өткен болатын. Бауқау «Қазақстанның ашық аспаны», «Мерейтойың құтты болсын, Қазақстан» тақырыптарында өтті. 10 жылдан аса бұл байқау қатысушыларын Екібастұз қаласында жинап келеді. 300 оқушы мейірімділік пен сұлулыққа толы бұл балалар шығармашылығының байқауына қатысты. Байқау жеңімпаздары «Күн сайын бір ерлік» суретінің авторы Мұрат Мади (жет. Н.И.Шахова), «Жаңа жыл Астанада» суретінің авторы Вальтер Маргарита (жет. Л.Б.Илларионова), «Қысқы демалыс» суретінің авторы Оразалина Нурсулу (жет. Г.М. Мұхаметқалина) болды. Жеңімпаздардың жұмыстары Екібастұз қаласының «Максимоло» сауда үйінің холлында қаңтар айының соңына дейін көрмеде тұр.