"Туған жерім" республикалық сурет байқауы
«Туған жерім» атты республикалық графика бойынша балалар шығармашылығы конкурсының қорытындысы бойынша Павлодар қаласының №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушысы 14 жастағы Белова Нина «Туркестанға саяхат» суреті үшін II орынға ие болды. Ол өз жұмысында түрлі түсті қарындаштармен ұлттық стилистика мен қазақ ою-өрнегінің элементтерін іскерлікпен қолданып, қазақстан табиғатының әдемілігін көрсетті. Астана қаласындағы Бірінші Президет мұражайында конкурс жеңімпаздарымен финалистері жұмыстарының көрмесі ұйымдастырылды. «Нина, Назарбаев интеллектуалды мектебінің 8 сынып оқушысы,өте шығармашылық тұлға, интеллектуалды дамыған, акварельді кескіндеме техникасында сурет салуды ұнатады», - дейді оқытушысы Светлана Евгеньевна Рейн. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған. «Графика», «Линогравюра» номинацияларында 10 және 16 жас аралығындағы жастар мен балалар үшін өткізілген.