Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
70 жыл әр баланың мүддесін қорғауда
18-01-2017 04:30
70 жыл әр баланың мүддесін қорғауда
Павлодар қаласының №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары БҰҰ Балалар Фондының (ЮНИСЕФ-тің) 70-жылдығы шеңберінде өткізілген «70 жыл әр баланың мүддесін қорғауда» шығармашылық суреті Республикалық конкурсына қатысты. Конкурсқа, акварель, графика техникаларында жасалған «Бала құқықтары», «Балаға мейірімді Казақстан», «ЮНИСЕФ балалар бейбітшілігі үшін» номинациялар бойынша, 10 оқушы суреттерін қатыстырды. Конкурс нәтижелері бойынша төрт оқушы «Финалист дипломына» ие болды, олар: Шапиева Салтанат, 15 жаста, «Ұлттық тәрбие» суреті үшін, жетекшісі Д.С.Смыков, Наукенова Айгуль, 15 жаста, «Туған ауылда» суреті үшін, жетекшісі Н.В.Решетова, Кузнецова Арина, 17 жаста, «Қазақстанның күншуақты аспанының астында», жетекшісі Кузнецова Л.А, Волкова Валерия, 10 жаста - «Туған жерге махаббат», жетекшісі Дистель Е.И. 2017 жылдың 13 қаңтарында дипломдар және сертификаттар марапаттау салтанаты өтті. Салтанат, № 37 ЖОББМ 10 сынып оқушысы,2013 жылдан бастап көркемсурет мектебінде оқып,«Балалар әлемді бейнелейді.Қазақстан» конкурсының жеңімпазы атанды, оған қоса музыкамен айналысады, домбырада шертуді ұнатады. Өз суреттерінде бояумен қазақ халқының салт-дәстүрін бейнелейді.Айгүл,№35 ЖОББМ 9 сынып оқушысы, 2013 жылында көркемсурет мектебіне келіп,«Ақ бота» облыстық, акварельдік кескіндеме бойынша сайыстарының жүлдегері болды. «Батик», акварель техникаларында жұмыс істеуді жақсы көреді. Кузнецова Арина, №9 мектеп-гимназиясының 11 сынып оқушысы, кішкентай кезінен сурет салады, әлемнің балалар фондтар Халықаралық Ассоциациясының Халықаралық стипендиясының иегері. Ол бояулар мен сызықтар арқылы өз айналасындағы керемет арбайтын әлемін бейнелейді,оқуды және саяхаттауды сүйеді. Конкурс ұйымдастырушылары: Қазақстандағы БҰҰ Балалар Фонды Қазақстандық Ұлттық ЮНЕСКО клубтар Федерациясымен бірге. Бұл конкурсқа 12-17 жастағы балалар мен жастар қатысты.