ЧЕХИЯДАН МЕДАЛЬ
Павлодар қ. №1 Балалар көркемсурет мектебі оқушыларының Чехияда өтетін «Лидице» халықаралық балалар шығармашылығының байқауына қатысуы дәстүрге айналды. Соңғы 3 жыл ішінде бұл байқау мектептің 150 жас суретшілерін қызықтырып үлгерді. 2016 жылы 4 пен 16 жас аралығындағы оқушылар «Мектеп. Білім» тақырыбында 26 сурет салды. Біреулері өздерінің сыныптарын бейнелесе, біреулері – өз ұстазын; бірақ әрқайсысы өз ойларын, көзқарастарын көрсетуге тырысты. Суреттер түрлі техникаларда орындалған: гуашь, акварель, фломастерлер, сиялы графика. Байқау қорытындыларына келсек, 11 жасар «Оқу оңай емес» атты суреттің авторы, Артем Маринец, байқаудың жоғары марапаты – «Ең үздік сурет" медаліне - ие болды, ал 10 жасар Мұхаммад Құсайын, «Бақылау жұмысы» атты суретінің авторы, «Қорытынды көрме қатысушы» дипломымен марапатталды (жетекшісі – Наталья Ивановна Шахова). Мектеп директоры Ляйля Мұқарамқызы Мағзамова: «Ал, егер байқауға 77 мемлекеттен 20000-ға жуық жұмыс жіберілгенін ескерсек, біздің балаларымыздың марапаттарының зор екенін көре аламыз», - деп айқындайды. Артем мен Мұхаммадсурет салу мен мүсіндеумен әуестенеді, ал Артем, соған қоса, түрлі спорт түрлерімен айналысады.