Жыл сайын Павлодар қаласы білім беру бөлімінің қолдауы бойынша Павлодар қ. №1 Балалар көркемсурет мектебі -ЮНЕСКО клубында өтетін балабақша тәрбиеленушілерінің арасындағы "Мен әлемді бейнелеймін" балалар суреті байқауының қорытындылары 2016 жылдың 16 наурызында жасалды. Осы жылы байқау Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай "Біз бейнелейміз, біз билейміз және ән саламыз" тақырыбында өтті. 43 балабақша мен миницентрлерінің 326 жас суретшілері күнделікті өмірлерін, қызығушылықтары мен сүйікті істерін, достары мен тәрбиешілерін бейнелеп, Тәуелсіз Қазақстанның ашық аспаны астындағы бақытты өмірлерін көрсетті. Көптеген жарқын әрі қайталанбас жұмыстардың арасынан 3 ең үздігін таңдау суретшілер Г.Н.Қаржасов және Тақырбасов Е.Қ. бастаған білікті қазылар алқасы мүшелеріне қиынға түсті: 1 орын - Оралтаева Адия 5 ж (№52 б/б), 2 орын- Литвиненко Алена (№96 б/б), 3 орын - Садвокасова Томирис (№82 б/б). Байқау қатысушылары мен жеңімпаздарын құттықтауға білім беру бөлімінің әдіскері Гүлбаршын Қалқаманқызы Алтыбасарова келді. Сонымен қатар қазылар алқасы тағы композиция бойынша 10 біртума жұмыстарын анықтап, дипломдар мен құнды сыйлықтармен марапаттады. Байқау қатысушылар сертификатпен марапатталды. «Балалар жұмыстарының деңгейінің өсуі байқалады: композиция, жұмыстарды орындау техникасы және түстер гармониясын көрсету белгіленеді. Осындай байқаулар арқылы оқушылардың сурет салуға, шығармашылыққа деген қызығушылықтары артады, достық, отбасы маңыздылығы айқындалады және Отанға деген сүйіспеншіліктері артады» - деп, Қазақстан Республикасы Көркемсурет академиясының корреспондент-мүшесі Ерсын Қасқейұлы Тақырбасов айтып кетті.