2016 жылдың қаңтар айында №1 Балалар көркемсурет мектебіне Болгарияның Банско қаласында өткен «Жас суретші» атты Халықаралық байқауының медальдері келді. 2012 жылдан бастап біздің мектебіміздің оқушылары осы байқауға жыл сайын қатысады және жеңімпаз атанады. Бұл байқауға 50 мемлекеттен 7 мыңнан астам жас суретші өз жұмыстарын жіберді, солардың арасынан медаль жүлделеріне 100 адам ие болып, соңғы көрмеге 71 жұмыс іріктелінді. Жыл сайын жеңімпаздар қатарынан №1 Балалар көркемсурет мектебінің оқушылары табылады. Биыл олар: алтын медаль иегері - 5 жасар Абдиров Тимур («Шана тебу», жет. Н.В.Решетова); күміс медаль иегерлері - 5 жасар Қабір Дания («Менің қалама күз келді», жет. И.В.Масленникова), 7 жасар Терещенко Юлия («Алтын күз», жет.Л.М.Мағзамова) және 14 жасар Тезекбаева Дарига («Жаңбырлы күн», жет.С.Е.Рейн); қола медаль иегері 4 жасар Чумарова Алиса («Көңілді піл», жет. И.В.Масленникова); диплом және каталог иегерлері – 5 жасар Шарипбаев Амирхан («Құс», жет.С.В.Кравченко), 6 жасар Сагадат Айзия («Қарлығаштар», жет. Л.Б.Илларионова), 8 жасар Дымова Анастасия («Менің әжемнің ешкісі», жет. Н.И.Шахова). Павлодардың жас суретшілері болгарлық қазылар алқасының жүрегін бірқилығы, әлемге деген көзқарастарының өзіндік ерекшелігі және техникаларының түрлілігімен жаулады деп ойлаймыз.