2015 жылдың наурыз айының 14 күні Павлодар қаласының әкімшілігі білім беру бөлімінің бастама бойынша №1 Балалар көркемсурет мектебінде Халықаралық азаматтық қорғаныс күніне орай балалар суретінің байқауы өтті.Бұл байқауға екі жас санаты бойынша 85 мектеп оқушысы қатысты:4 және 10 жас, 11 және 14 жас. Құрамында Павлодар қаласының ПТС басшысы- Гүлнар Закуанқызы Сейлханов, фотосуретші-Ерсін Қасқиұлы Тақырбасов, №1 БКСМ директоры-Ляйля Мұқарамқызы Мағзамова және №1 БКСМ қосымша білім беру оқытушысы-Наталья Ивановна Щахова бар білікті қазылар алқасы байқау жеңімпаздарын айқындады: 1 орын – Шлотгауэр Дима (6 жас), «Өрт» және Шарипхан Айдана (11 жас), «Орман өртін сөндіру»; 2 орын—Коваль Никита (6 жас), «Көмек келе жатыр» және Кузнецова Виктория (13 жас), «Өрт сөндірушінің ерлігі»; 3 орын – Типалова Дарья (5 жас), «Қар көшкіні» және Николаева Кристина (13 жас), «Жолдағы апат».